Azure SQL дерекқоры мен SQL серверін құру

Azure айналасында сізге SQL дерекқоры мен SQL сервері қажет.

Azure SQL дерекқоры мен SQL серверін құру үшін:

  1. Azure веб-сайтында келтірілген нұсқауларды орындаңыз.

    Microsoft Azure шақыруы пайда болған кезде жаңа сервер жасай аласыз. Сізде Azure SQL Server сервері бұрыннан бар болса, оны жаңа сервер құрудың орнына Kaspersky Security Center үшін пайдалануға болады.

  2. SQL дерекқоры мен SQL серверін жасағаннан кейін, ресурс атауы мен ресурстар тобын білетініңізге көз жеткізіңіз.
    1. https://portal.azure.com сілтемесінен өтіп, кіруді орындағаныңызға көз жеткізіңіз.
    2. Сол жақ тақтадан SQL дерекқоры тармағын таңдаңыз.
    3. Дерекқорлар тізімінен дерекқор атауын таңдаңыз.

      Сипаттар терезесі ашылады.

    4. Дерекқордың атауы ресурстың атауы болып саналады. Ресурстар тобының атауы Шолу бөліміндегі сипаттар терезесінде көрсетіледі.

Дерекқорды Azure SQL-ге тасымалдау кезінде сізге ресурс атауы және дерекқор ресурстарының тобы қажет болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу